Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы қашан жеткізіледі

Алматы қаласының тұрғындары ресейлік «Спутник Лайт» препаратымен қашан ревакцинация жасай алатыны белгілі болды.

Алматыда Covid-19-ға қарсы вакцина 22 қаңтарда жеткізіледі, деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Екпе егу кабинеттерінде «Спутник Лайт» вакцинасы келесі аптада қолжетімді болады.

«Спутник Лайт» препараты Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Ресейден гуманитарлық көмек ретінде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің қоймаларына «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді. 21 қаңтарда «Спутник Лайт» вакцинасының 10 мың доза мөлшерінде бірінші партия елордаға келді.

Добавить комментарий