Алматыға ШЫҰ-ның мәдени астанасы мәртебесі берілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің мәдениет министрлері Қазақстанның Алматы қаласын 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы етіп тағайындау бастамасын қолдады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған онлайн-кеңеске Ресей, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Пәкістан өкілдері қатысты.

Қазақстанның алдағы ШЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейін Алматы ШЫҰ-ның мәдени астанасы болады. Қаланың жаңа мәртебесі бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуге, мәдениет және туризм саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін Алматы қаласының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий