Алматыға келген қытайлықтардан «омикрон» анықталды: Байғабұлов түсінік берді

Алматыдан отанына оралған қытайлық спортшылардан коронавирустық инфекциясының жаңа «омикрон» штамы анықтады.

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанның оңтүстік астанасында аталған штамм жоқ болғанына қарамастан, қалайша олардан «Омикрон» анықталды.

Алматыда әлі коронавирустың жаңа «Омикрон» штамы анықталған жоқ, деп хабарлады брифингте қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.

«Бізде штаммдардың геномдық секвенирлеуі жалғасуда. Зерттеу нәтижелері бойынша «Омикрон» штамы анықталған жоқ. Штамның айналымы анықталмады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деді Сәдуақас Байғабұлов.

Желтоқсан айының басынан бері Алматы қаласының санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтанның зертханасына ПТР-тест нәтижесі оң болған 130 үлгілерді жібеді. Бұл инфекцияның жаңа нұсқасы анықталған елден және қаладан келгендердің үлгілері.

Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, оның 105-інде «Омикрон» анықталмады, 25-ін әлі зерттеп жатыр.

Секвенирлеу екі аптадан төрт аптаға дейін жүргізіледі. Коронавирус расталған 130 сынама Алматыдан елордаға партиялармен жіберілді.

«КВИ бойынша алдағы санэпиджағдай Жаңа жылды қалай өткізетінімізге байланысты болады. Егер шектеу шаралары бұзылатын болса, бұл аурудың өсіміне алып келеді. Сондықтан қаңтардың бірінші онкүндігінде жағдайды бағалап, одан әрі эпиджағдай бойынша болжам жасаймыз», — деп толықтырды ол.

Тайваньның Taipei Times басылымы бүгін Қазақстаннан оралған жеті каратэшілерден «Омикрон» штамы анықтағанын хабарлады, каратэден Азия чемпионаты 19-22 желтоқсан аралығында Алматыда өткен болатын.

«Хабарламада олардың Оңтүстік Корея арқылы ұшып келгені айтылған. Сәйкесінше, оларды Алматыда жұқтырды деуге негіз жоқ. Бұл дұрыс емес. Ол үшін сол елдегі әріптестерімізге спортшылардың транзитпен ұшқанын ескеріп, эпидемиологиялық тексеру жүргізуі қажет», — деп түсіндірді Байғабұлов.

Добавить комментарий