Алматыға барар жолда пойызда өрт шықты

«2023 жылғы 3 ақпан сағат 21.57-де Қарағанды облысының Аршалы – Анар учаскесінде құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан №105/106 «Петропавл – Алматы» пойызының қозғалысы тоқтатылды», — деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ баспасөз қызметі.

«ҚТЖ» мәліметінше, пойызда 235 жолаушы, құрбан болған және зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді.

Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді.

Арнайы құрылған комиссия болған оқиғаның себептерін тексеруге кірісті.

Стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған  жолаушыларға Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.

Добавить комментарий