Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда медицина қызметкерлері жазып берген жалған вакцинация паспортына қатысты пікір білдірді.
Ол жалған төлқұжат иелері жазаға тартылғанын мәлімдеді.
Вакцинация паспорты мен жалған нәтижесі бар ПТР-тестін сату және сатып алу фактілері туралы айта келе, Цой қазір «өте қатты күресіп жатқыр» деп мәлімдеді.
«Біз бұған тәртіп сақшыларын араластыру туралы бастаманы көтерген болатынбыз. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешуді тапсырды, қазірдің өзінде 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды. Осындай жарнама тарататын әлеуметтік желілер , бұғаталып, осындай әректтердің жолы қатаң түрде кесілуде. Мұндай жарнамалардың бірнешеуі ғана бұғатталады. Жедел уәкілдер оның артында кім тұрғанын анықтау үшін жұмыс жүргізуде, сондықтан қазір мұндай ұсыныстардың саны азайғанын байқап отырмыз», — деді Цой ОКҚ-да өткен онлайн-брифинкте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министр вакцинацияның жалған паспорты адамды коронавирусты жұқтырудан қорғамайтынын атап өтті.
«Біз адамдардың осындай әрекет жасағаны үшін медицина қызметкерлері де, белгісіз мақсатта осы паспорттарды алып жатқан азаматтардың өздер қатаң қудалантынын түсінді деп отырмыз, өйткені бұл коронавирустан қорғамайды. Бұл олардың ауруға шалдығып, реанимацияға түсуі мүмкін. Бұл өзін-өзі алдау. Ерте ме, кеш пе бәрі әшкереке болады, себебі біз сәйкестендіру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл азаматтардың түсініксіз қалауы. Вакцина қауіпсіз, вакцина салдыру керек.
Вакцина сатып алуға тырысқандардың бәрі қатаң жазаланады. Ауыр жазаға тартылады. Барша азаматтарды тәртіпті сақтап, қолданыстағы заңнан аттамауға шақырамын», — деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-тест :Қазақстанда 65 қылмыстық іс қозғалды
Жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жалған вакцинация паспортын қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекет деп атап, тәртіп бұзушыларды қатаң жауапкершілікке тартуға шақырған болатын.