Алексей Арестович Мариуполь үшін шайқасқа қатысты пікір білдірді

Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович соғыстың тағдыры 2-3 апта ішінде шешіледі деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол журналистерге Ирпеньге сапары барысында айтты, деп хабарлайды УНИАН.

Арестович Украинаның Шығысында Мариуполь үшін ауыр шайқас күтіп тұрғанын атап өтті.

«Мариупольді қайтару керек, біз оны қалдырып кете алмаймыз. Біз белгілі бір әрекеттерге барып отырмыз. Егер бастапқыда соғыстың тағдыры солтүстікте шайқас шешсе, қазір шығыстағы шайқас шешеді. Біздің пайдамызға шешіледі деп ойлаймын. Олардың бұл фазаны белсенді түрде жалғастыруға резерві жоқ. АТалған резервтерді жинауға кемінде 2-3 ай қажет. Санкциялар экономиканы құрдымға жібереді. Яғни, 2-3 апта ішінде шешім қабылдануы керек. Мен жиі «2-3 апта» деп келдім, бірақ бұл — екінші кезеңнің басы. Міне, қазір ол басталады. Үш тәулік ішінде олар белсенді түрде кетіп, осыдан кейін 2 апта ішінде барлық мәселе шешіледі деп ойлаймын», — деді Арестович.

Добавить комментарий