Александр Лукашенко Беларусьтің Украина мен Эстониядағы елшілерін жұмыстан босатты

Беларусь Президенті Александр Лукашенко республиканың Украина мен Эстониядағы елшісін жұмыстан шығарды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Ресми хабарламада «Мемлекет басшысы Александр Лукашенко Игорь Соколды Беларусьтің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі және Вячеслав Качановты Беларусьтің Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты» делінген.

Бұл жарлыққа 19 қазанда қол қойылды. Игорь Сокол 2016 жылдан бері елдің Украинадағы елшісі қызметін атқарды, ал Вячеслав Качанов 2018 жылдан бастап Эстониядағы Беларусь дипломатиялық миссиясының басшысы қызметін атқарғды.

Бұл Беларусь пен көрші елдер арасындағы елшілерді жұмыстан шығарудың алғашқы жағдайы емес. Еске сала кетейік, маусым айында Украина президенті Владимир Зеленский Украинаны Беларусьтегі елшісі Игорь Кизимді жұмыстан шығару туралы жарлыққа қол қойған болатын.

 

Добавить комментарий