Александр Аксютиц: «Контенттің 80 пайызын қазақ тілінде жасаймыз» (1-ші бөлім)

Қазақстанда өзінің Netflix-ін аша ала ма және ол табыс әкеле ма? Қазақстандық жастар не қарап отыр? Неліктен шетелдік авторлардың жобалары Қазақстанда тамыр жаймай жатыр? Бұл туралы Salem Social Media компаниясының бас директоры Александр Аксютиц айтты.

Александр, Salem Social Media — қазақстандық ірі видеопродакшн-студиялардың бірі. Айтыңызшы, пандемия кезінде сіздің өнімдеріңізге сұраныс артты ма?

Біз көру бойынша жеңіске жеттік — олар шамамен 30%-ға немесе айына 10 млн-ға өсті. Бізге серіктестеріміздің платформаларын, бірінші кезекте Aitube платформасын ілгерілету өте көмектесті — осы платформада пандемия кезінде біз айына 2,5 млн бірегей пайдаланушыға дейін аудиторияны кеңейтуге қол жеткіздік. Дәстүрлі түрде көрудің 70% мобильді құрылғыларға тиесілі және бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.

Бізге негізгі екі платформа — YouTube (біздің аудитория мұнда 5 млн жазылушы) және Instagram (3,6 млн) трафик береді.

Алайда біз жарнамадан түсетін пайданы біздің «қалауымыздан» қатты жоғалтып алдық. Жарнама сатылымы жыл басында басталып, күтілулер өте жоғары болды. Бірақ жарнама нарығы құлдырағандықтан біз кіріс жинай алмадық.

Өндірістік үдерістер туралы не айтасыз? ТЖ және карантин кезеңіне байланысты түсірілімде қиындықтар болды ма?

Біздің медиакомпания болғанымыз үшін жолымыз болды, себебі бізге ТЖ кезінде түсіруге тыйым салынбады. Әрине, Алматы қаласынан тыс жерлерде жұмыс істеуде қиындықтар болды, өйткені блок-бекеттер арқылы жүру қиындық тудырды, бірақ қала ішінде жұмыс тоқтаған жоқ. Рас, күлкілі оқиғаларғыс болмады. Бізде ірі сауда орталығымен көршілес орналасқан үлкен кеңсе ғимаратымыз бар. Біздің ғимараттың шатыры телехикая түсіру үшін жабдықталған. Біз эпизодтардың бірін түсіргенде, СОО күзетшісі бізді той ұйымдастырып жатыр деп ойлап, полицияны шақырды. Полиция тінту жасап, біздің түсірілім тобымызды ұстады. Бақытымызға орай, көп ұзамай барлығын босатты (күледі).

Қазір қандай өндіріс көлемін қолдайсыз?

Орташа есеппен айына 20 эпизод сериал шығарамыз. Одан да көп шығарсақ болар еді, бірақ біз қаржылық мүмкіндіктерімізден, сондай-ақ нарық резервтерінен алшақтаймыз: өкінішке қарай, бізде әзірге жақсы сценаристер, операторлар мен режиссерлер тапшы, әзірге бізде көлемнің өсімі жоқ.

Күзде жаңа маусым басталды, Salem-де үлкен премьералар болды, қазір өндірісте 10 сериал бар. Сондай-ақ, тағы да шағын уақытша жобалар бар.

Біз нарықта жаңа пайда болғанымызда түрлі жанрлар мен бағыттарға көп күш пен қаражат салып, нарықта ең қажетті не нәрсе екенін түсінуге тырыстық. Өткен жылдың соңында Salem өз орнын тапты — веб-сериалдар. Олар ең көп жазылушылар мен көрермендер әкеледі. 2020 жылы біздің команда бұл мәселені көтеріп, күзде әр түрлі көрермендерге арнап сериалдар тізбегін шығарды. Біздің ставка да ақталды.

Сериалдар басқа контенттен қарағанда арзанға түсе ма?

Студиялық шоулармен салыстыратын болсақ, сериалдар біршама қымбат. Бірақ көру бойынша айырмашылық кейде ондаған есе көп шығады. Сондықтан, егер екі жыл бұрын біздің контентті бір қарау 10 теңге болса, қазір біз 1 теңге санына жақындаудамыз. Сонымен қатар, веб-сериалдардың тағы бір маңызды артықшылығы бар: олар өте адал аудиторияны қалыптастырады.

Яғни жақын арада сіздерден жанрлар мен контенттер әртараптандыру күтілмейді ма?

Неге, біз үнемі ізденіс үстіндеміз. Жаңа форматтарды іздеп, перспективалы бағыттарды ілгерілетудеміз. Мысалы, стендап-шоу жасауды жалғастырамыз, тек осы жазда түсірілімді тоқтатып қойдық, себебі түсірілім үшін көп көрерменді жинау керек — оларсыз энергия мен әсер болмайды. Орыс және қазақ тілдеріндегі стендаптар да бізге жақсы қараулар береді. Бұл өте күрделі жанр болғанымен, жақсы сценарийлер жазу көп уақыт алады, алайда өте ыңғайлы.

Бізде басқа да тәжірибелер болды — репортаждық жобалар, жұлдыздармен сұхбаттар, жанжалды пранктер. Мысалы, Шымкенттегі АҚТҚ жұқтыру және ядролық қаруды сынаған Азғыр полигоны туралы деректі жұмыстар да болды. Контент қызық болғанымен, веб-сериалдармен салыстыруға келмейлі. Ал бізге ақша табу керек — қарау да, ақша да керек. Бірақ қазір біз күш жұмсаудың мәні жоқ екенін түсінеміз. Біз бұл желіні ұмытпаймыз, және бізде бос ақша мен уақыт пайда болғанда, біз бұған міндетті түрде қайта ораламыз.

Жарнама берушіні іздестіру жолымен Ресейде танымал видеоблогерлер мен журналистер сияқты нақты жобаға баруға болмайды ма?

Мүмкін, бірақ бізде жарнама нарығы бұған әлі дайын емес. Біз бұл тұрғыда әдеттегідей Ресей мен Украинадан артта қалып отырмыз. Егер көршілерімізде ірі жарнама беруші «Бірінші арнаға» орналастырудан бас тартып, Дудьты таңдаса, бізде бұған әлі дайын емес.

Тағы бір мәселе: бізде жарнама нарығы шағын, ал бюджетті бөлетін ірі жарнама берушілердің кеңселері Қазақстанда емес, көбінесе Мәскеуде, Киевте, Стамбулда және т.б. орналасқан. Және жергілікті жарнамашылардың ақшаны бөлуге мүмкіндігі де жоқ және олар тәуекелге барудан қорқады.

Мақаланың жалғасын осы жерден оқи аласыз.

Добавить комментарий