Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
28-29 мамыр күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Найзағаймен жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде», — деді гидрометеорологиялық орталық.
Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
30 мамырға қарай республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде – 23-28-ге дейін, орталығында-25-30-ға дейін.