Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Атап айтқанда, алдағы күндері Қазақстан аумағына Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер өз ықпалын сақтайды, осыған байланысты күзгі тұрақсыз ауа-райы (жаңбыр, қар) әлі де сақталады.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар түрінде жауады, Солтүстік Қазақстан облысында – қалың қар жауады, Шығыс Қазақстан облысында, аптаның басында елдің оңтүстік облыстарында-қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боранмен болжанады. Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде.
Еліміздің барлық өңірінде күн суытады деп күтіледі.
Батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0-10 жылыдан 2 аяз – 5 жылыға дейін біртіндеп төмендейді.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 5 аяз -2 жылыға дейін аздап төмендейді.
Шығыста түнде 3 аяз-5 жылыдан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 5-11 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін аздап төмендейді.
Орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз — 5 жылы.
Оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы.
Оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 3-8 жылы болады.