Қалалық сот бұрынғы банкир Жомарт Ертаев пен оның 37 сыбайласына қатысты жазаны жеңілдетті

Апелляциялық инстацияда Bank RBK басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот алқасының шешімімен бірінші инстациядағы сот тағайындаған жаза жеңілдетілді, 11 жылдың орнына ол 9 жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ, сот осы іс бойынша сотталған басқа 37 адамға қатысты шешім қабылдады.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, апелляциялық тәртіппен Жомарт Ертаевқа, Bank RBK қызметкерлері мен бірқатар тұлғаларға (барлығы 37 адам сотталды) қатысты мүлікті талан-таражға салу (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, (ҚК-нің 238-бабы 3-бөлігі, 3-тармағы), банк ақшасын қасақана қайтарымсыз несие беру үшін заңсыз пайдалану (ҚК-нің 234-бабы) және өкілеттіктерді асыра пайдалану (1997 жылғы ҚК-нің 288-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қазылар алқасы істі қарап, мынадай қорытындыға келді:

Сот Ертаевтың (Bank RBK басқарма төрағасының кеңесшісі) қасақана қайтарымсыз несиелер беру арқылы банк ақшасын ұрлау схемаларын жоспарлап, ұйымдастырғанын анықтады. Ибрагим (Ертаевтың танысы) қайтарымсыз займ беретін компаниялар мен жеке тұлғаларды іздеумен айналысты.

Несиелік комитеттердің мүшелері, Басқарма, Bank RBK корпоративті хатшысы құжаттар пакеті мен кепілзаттың толық пакеті болмаған өтінімдер бойынша оң шешім қабылдап, қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне көз жұма қарап, оның мүмкіндігін жоғары бағалады. Қарыз алушылардың төлем қабілеті жоқ екенін біле отырып, олар Банк мүддесіне қаршы қайтарымсыз несиелер беруге дауыс берді.

Сотталғандардың кінәсі қатысушылардың, куәгерлердің мойындау айғақтарымен, Ұлттық банктің қорытындыларымен дәлелденді.

Сонымен қатар, апелляциялық инстанция 13 сотталушының келтірілген шығынды, оның ішінде Мажинов — 4,9 млрд теңге толық өтегенін анықтады. Кейбір сотталушылар тергеуге көмектечті. Ертаев пен Ибрагим кінәсін мойындады, тергеу жұмыстарын көмектескен, жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жоқ. Олар залалды ішінара өтеді.

Сотта сондай-ақ жәбірленуші тарап барлығынан жазаны жеңілдетуді сұрағанын атап өтті.

«Осыған орай, алқа 13 сотталушыны шартты түрде соттады. Ал Мажиновті 7 жылға бас бостандығын шектеді. Бас бостандығынан айырылған Ертаевтың жазасы 9 жылға дейін, Ибрагимтің жазасы 7 жылға азайды. Қаулы заңды күшіне енді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік! 2020 жылдың қарашасында Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевқа үкім шығарылды. Ол Bank RBK-тен 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 10 жылға банктік және қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Добавить комментарий