Алаяқтық жасады деген күдікпен полицейлер өтірікші-таксистті ұстады

Түркістан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолаушыдан 30 мың теңге алдап алған такси жүргізушісін ұстады.

ІІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай: Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жәбірленушіге жоғалған телефонын қайтаруға уәде берген белгісіз бір ер адамның алдау арқылы 30 мың теңге алып, қашып кеткенін айтып арызданған. Белгілі болғандай, мас күйдегі ер адам Шымкент қаласынан үйге жету үшін таксиге отырған. Үйде ол телефонын көлікте жоғалтқанын байқады, жүргізушіге қоңырау шалып, затын қайтаруды сұрады. Алайда, таксист телефонды қайтару үшін 30 мың теңге талап етті. Ер адам аталған соманы аударған, бірақ алаяқ телефонын да, ақшасын да қайтарған жоқ. Содан кейін жәбірленуші полицияға жүгінді. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК «Алаяқтық» 190 бабы бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш АПБ полицейлері жүргізушінің кім екенін анықтап, күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған адам жасаған әрекетін толық мойындады. Қылмыскерден қолхат алды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағылық танытып, таныс емес адамдарға сенбеу қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, бейтаныс тұлғалармен жеке деректерді және банк шоттарының кодтарын бөлісудің қажеті жоқ. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, онда «102» телефоны арқылы полицияға дереу хабарласыңыз.

Добавить комментарий