Алаяқтар жиһаз жасап беремін деп адамдарды алдап кеткен

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен жиһаз компаниясының басшысы қамауға алынды.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

Атап айтқанда, ол Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігінің, 4 тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелген қылмыстық іс Алматы қалалық ПД ТБ-ның өндірісінде екендігін еске салды.

«Қылмыстық іс материалдарынан «Safari Mebel» фирмасының директоры С.есімді азаматтың және басқа да тұлғалардың әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландырулар орналастыру арқылы тұтынушыларды қызықтырғандығында. Сенім білдірген азаматтар жарнаманы көріп, қызметтің ашықтығына күмән келтірмей, хабарласты. Күдіктілер әлеуетті тұтынушылардың сеніміне кіріп, қырағылығын бәсеңдету үшін нақты тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған, тіпті оны өндіруге нақты мүмкіндіктері болмаса да, шкаф жиһаздарын жасау мен орнатуға келісім-шарттар жасаған. Нәтижесінде, алданған азаматтар тапсырыс орындаушылардан аңсаған жиһаздарын ала алмаған. Тиісінше, олар тұтынушылардың төлеген ақшаларын да қайтармаған.

Қазіргі уақытта 30-дан астам азамат осындай арызбен жүгінген. Қазіргі таңда жалпы материалдық шығын 32 миллион теңгеден асады.

Осы тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге 8-777-250-68-37 Ерғали Ибраимов және 8-701-624-28-24 Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Safari Mebel басшысы ұсталды. Тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері бақылауға алынғанын атап өтті.

Добавить комментарий