Алматыда алаяқтар шағын сауда орындарының сатушыларын алдаудың жаңа амалын ойлап тапты. Оның көмегімен бір топ адам бірқатар қылмыс жасаған, содан кейін полиция оның үш қатысушысын ұстады.
Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, ұсталған үш адам тауарды сатып алып, сатушыларға электрондық аударым жасалған жалған түбіртек берген.
Электрондық аударым жасау арқылы жалған түбіртектер көмегімен шағын сауда орындарының сатушыларын алдаумен айналысқан.
Тергеудің ағымдағы нұсқасы бойынша, алаяқтар алдымен мегаполистің бөлшек сауда дүкендерінде сатушының аударым шотының нөмірін алу мақсатында ұсақ сомаға (әдетте 100-200 теңге) сауда жасаған. Осыдан кейін, алаяқтар алдын ала ірі ақша сомасына төлем туралы түбіртектердің жалған скриншоттарын жасаған.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша КБ бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, осындай оқиғалардың бірінде алаяқтар дүкеннен жалпы сомасы 170 мың теңгеге темекі сатып алуға тырысқан. «Мәміле» жасау кезінде олар сатушыға төлем туралы «түбіртекті» ұсынған, түбіртекті бір қарағанда түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Қазіргі таңда, полицейлердің айтуынша, ұсталғандардың осындай отыз қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.