Алаяқ тұтқынды босатамын деп 1,5 млн теңге алдап алды

Түркістан облысында баласы бас бостандығынан айыру орындарында жүрген әйелден ірі көлемде ақша алған алаяқ ұсталды.

Келес АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің сеніміне кірген белгісіз ер адамның сотталған ұлын мерзімінен бұрын түрмеден босатуға көмектесетінін айтып уәде бергені туралы арызданды. Содан кейін алаяқ жәбірленушіден 1,5 миллион теңгеден астам ақша алып, белгісіз бір бағытқа қашып кеткен. Бұл факті ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық» бойынша Келес АПБ-ның СДТТБТ тіркелген.

Жедел іздестіру шаралары барысында Келес АПБ полицейлері Шымкент қаласында күдіктіні анықтап, ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқ, бұған дейін бірнеше рет сотталған, жергілікті тұрғын тағы 11 алаяқтыққа қатысы бар болған. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің ұлымен бірге түрмеде отырған. Ер адам оның анасымен хабарласып, кейін алдап-арбап ақшаны алып, қашып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті жасаған әрекетін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.

Өз кезегінде, алаяқтықты болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағылық танытып, таныс емес адамдарға сенбеуді ұсынады. Материалдық пайда алу немесе туындаған жағдайды шешу үмітімен күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі алаяқтарға сенбеу керек. Барлық мәселелерді заңды түрде шешкен дұрыс. Егер сіз құрбан немесе куә болсаңыз.

Добавить комментарий