Алға: нашақор-жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алға қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші есірткі мас күйінде көлікті басқарып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

«11 қыркүйек күні Алға қаласында 21 жастағы «ВАЗ 21122″ автокөлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесімен жүріп келе жатып, 54 жастағы ер адамды қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД.

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жүргізушінің көлікті есірткіге мас күйінде рөлді басқарғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий