Алға қаласындағы «ЛиманГаз» газ құю бекетінде сыйымдылығы 46 м3 болатын цистерна жарылды.
«Шақырту орнына жедел түрде 26 қызметкер және 7 бірлік техника жіберілді. Нәтижесінде «Тойота Камри» маркалы 1 жеңіл автокөлік, 1 погрузщик автотехникасы, 22 кв.м әкімшілік ғимараты өртенді», — деп хабарлады Ақтөбе облысы DCHS баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің күшімен 2 погрузщик автотехникасы құтқарылды.
Өрт 20 сағат 02 минутта толықтай сөндірілді.👨🚒
Жанар-жағармай бекетінің үш қызметкері үй-жайдан өз бетінше шығып үлгерген.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.