Ресей Әділет министрлігі атақты жазушы Борис Акунинді (төлқұжаты бойынша — Григорий Чхартишвили) «шетелдік агенттер» тізіліміне енгізді. Акунин Ұлыбритания азаматтығын алған және 2014 жылдан бері Еуропада тұрып келеді, ол бұл шешім жанына батпағанын мәлімдеді.
Акунин өзін террористік ұйымның басшысы секілді сезінетінін жазды. Ол бұл туралы «Роскомнадзор» қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдіре отырып айтты.
«Бүгін мені шетелдік агент ретінде жариялады деп жазып жатыр. Бұл мені, террорист мен экстремист еткені ме?! Өзімді [«Әл-Каида» лаңкестік тобының басшысы Усама] бен Ладен сияқты сезініп отырмын», — деп жазды Акунин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық! Жазушының Акунин бүркеншік аты жапон тілінде «акунин» (жапон: 悪人) сөзінен шыққан, ол «жексұрын, зұлым» деген мағынаны білдіреді, бірақ басқаша мағынада, зұлымдық жағындағы көрнекті тұлға. Бұл туралы Акунин оқырмандарына «Алмазная колесница» романында жеткізген.
Анықтама! Акунин жапон тілін өте жақсы мпңгерген. Ол орыс тіліне бірнеше танымал жапон жазушыларының кітаптарын аударған.
Акунин Жапонияның «Күн шығыс» орденімен марапатталған.
Ол өзінің Ресейдің шетелдік агенттері тізіміне енгізілуін көлік тұрағы үшін берілген тикет жазбасымен салыстырды.
Ресейлік дереккөздердің мәліметтері бойынша, Санкт-Петербургте Александринский театрында Акуниннің туындысы бойынша «1881» спектаклі көрсетілмеді.
Еске салайық! Жазушы бұған дейін 2023 жылғы желтоқсан айында Росфинмониторингтің «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілген болатын.