Қазақстанның айырбастау пункттері биржада доллардың теңгеге қатысты бағасы арзандағанына қарамастан, АҚШ долларының сату бағамы көтерді.
Бір тәулікте доллар 0,45 теңгеге арзандады, бір айда — 12,75 теңгеге қымбаттады.
Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 477-478 теңгеден сатып алып, 482-482,5 теңгеден сатады. Бұл 9 тамызда айырбастау орындары белгілеген долларды сату бағамынан 1-1,5 теңгеге жоғары.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 96 доллар болды.