Алматыдағы «Айшуақ Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты ауыр және аса ауыр баптар бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша ҰҚТ кісі өлтіру, бірқатар қарақшылық шабуыл фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, оларға қорқытып-үркітті және адам ұрлады деген айып тағылып отыр.
ҰҚК қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты сәтті операция мен тергеу нәтижелері туралы айтып берді.
Былтырғы ең сәтті жұмыстарының бірі ретінде 28-29 қарашада Алматыда жүргізілген операция барысында «Айшуақ Жантүгел» ҰҚТ-ның жеті өкілін ұстауымызды айтуға болады.
Дайындықты ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп жүргізді.
«Айшуақ Жантүгел» ҰҚТ қатыгездігімен ерекшеленеді. Қылмыстық топты әшкерелеу барысында оның белсенділігі 2018 жылы Сарыбұлақ көліндегі заңсыз балық кәсіпшілігі саласында басталғаны анықталды», — деп хабарлады ҰҚК.
ҰҚК мәліметінше, ұсталған ҰҚТ мүшелері көтерме-бөлшек сауда базарларына, «Сайран» автовокзалының инфрақұрылымына және Алматыдағы басқа да нысандарға бақылау орнатып үлгерген.
«Анықталған қылмыстық эпизодтары «Алатау», «Үміт», «Кенжехан» базарлары кәсіпкерлерінің, соның ішінде «барахолка» базарында адамдарды ұрлау және қорқытып-үркіту, қарақшылық басқа да жалпы қылмыстармен байланысты.
«Сондай-ақ ҰҚК және ІІМ қызметкерлері топ мүшелерінің 2016 жылы өлтірілген қылмыстық ортадағы беделді Нұрбековтің өліміне қатысы бар екенін анықтады», — делінген хабарламада.
ҰҚТ мүшелерінің тұрғылықты жерлерін тінту барысында төрт атыс қаруы мен оқ-дәрілері тәркіленді.
Комитетте атап өткендей, тергеу амалдары жалғасуда, ҰҚТ-ның қалған қатысушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр.