Қайрат Әбдірахманов Швеция мен Дания елшісі қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның азшылық ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болғандықтан, ол ЕҚЫҰ-ға тағайындалғаннан кейін Қазақстанда ешқандай лауазымды атқара алмайды.

«Қайрат Әбдірахмановтың ұсынысын ЕҚЫҰ-ға мүше барлық елдер жылы қабылдады. Бұл Қазақстанға біздің кандидатурамыздың төңірегіндегі ашық байқауда кең қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Қол жеткізілген консенсус Қазақстанның әлемдегі және Ұйымның өзіндегі беделін мойындау, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жүргізіп жатқан саяси және демократиялық өзгерістеріне жоғары баға беру және қолдау көрсету болып табылады», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберди.

Добавить комментарий