Астана медицина университетінің оқытушысы, клиникалық фармаколог Айнұр Ихамбаева қазақстандықтарды коронавирустық инфекция кезінде өз бетінше емдеумен айналыспауға және барлық карантиндік талаптарды сақтауға шақырады.
Фармаколог қазақстандықтарға карантиндік талаптардың сақталуын еске салды: екі метр арақашықтықты сақтау, бетперде тағып, оны жиі ауыстыру, сондай-ақ қолды жиі жуу.
«Адамдар карантиндік шараларға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Коронавирустан ешкім де сақтандырылмаған. Ол жасы мен жынысына қарамайды. COVID-19 — бұл жіті респираторлық вирустық инфекция. Ол температураның көтерілуімен, жөтелмен өтуі мүмкін. Бұл ерекше белгілер емес. Адам иіс сезу, дәм сезу қабілетінен айырылуы мүмкін, бірақ бұл басқа да вирустық инфекциялар кезінде болуы мүмкін. Коронавирус асқынып кететіндігімен қауіпті. Кейбіреулерде ол жеңіл түрде өтіп және емдеуді қажет етпеуі мүмкін, ал басқаларында инфекция одан әрі жалғасып, пневмонияның дамуына әкелуі мүмкін», — деді А. Ихамбаева.
Айнұр Ихамбаева егер адамда вирустық аурулардың белгілері мен симтомдары пайда болса, дәрігерлерге жүгінуге кеңес берді. Бұл ретте өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
«Жазда коронавирус толқыны болған кезде адамдар дәрі-дәрмек сатып ала бастап, дүрбелең туғызды. Бірақ, вирустарға антибиотиктер әсер етпейтінін есте сақтау керек. Бұл антибиотиктердің қажет болған жағдайда тиәмді болмай қалуы мүмкін. Бұл дене қызуын төмендететін препараттарға да қатысты. Бұл дәрілер адамның температурасы 38-ге дейін көтерілген кезде қабылданады. Мұнда сондай-ақ науқастың ілеспе аурулары, жасы, жынысы ескеріледі, Жоғары температурада вирустар өледі, сондықтан өздерін бірден дене қызуын төмендететін препараттарды қабылдауға болмайды . Ағзаға күресуге мүмкіндік беру керек. Біз бірнеше күн бойы температура төмендегеннен кейін, дене қызуын төмендететін препараттарын қабылдауға асығамыз. Сол кезде дәрігерлерге жүгіну керек, олар не істеу керегін айтып, сізге кеңес береді», — деп толықтырды ол.
Спикер иммунитетті нығайтуға кеңес берді: спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану және ұйқы режимін сақтау. Күзгі-қысқы кезеңде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың жиілеуі байқалады, бұл вирустың барлық түрлерінен, соның ішінде ауыр жұқпалы ауру болып табылатын маусымдық тұмаудан туындайды.