Аяздың салдарынан зардап шеккен фермерлердің несие төлемін кейінге шегеруі мүмкін


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-47291-1675092883-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруа қожалықтарының несие төлемін кейінге шегеруі мүмкін.

Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «Қазір зардап шеккен шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету, тікелей көмір жеткізуді жолға қою бойынша жұмыстар жүргізілуде, несиелер бойынша кейінге қалдыру мәселесі (залал туралы актілер негізінде) қарастырылуда».

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысында жалпы ауданы 46 га болатын 170 жылыжай шаруашылығының 36,8 гектары ауа райының қолайсыздығы, 9,2 гектары жылыту проблемалары салдарынан зардап шеккен. Тек 1,2 гектар жерге ғана нарыққа бейім дақылдар – қияр мен қызанақ егілді.

Облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде ең көп өсті (2,9%-ға), онда ӘМАТ қатарына енетін 10  атауы қымбаттаған. Сондай-ақ Ұлытау облысында (бағаның өсуі – 2,6%) және Астана қаласында (өсу – 2,1%) ең нашар көрсеткіштер тіркелді.

Министр Серік Жұманғарин форвардтық сатып алу және «айналым схемалары» арқылы көкөніс сатып алу бағалары бойынша барлық өңірлерді тексеріп, бағаларға талдау жасауды тапсырды.

Ведомствоның мәліметінше, әкімдіктердің қоры 88,6 мың тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар Қызылорда облысының өндірушілері қажет болған жағдайда 5,9 мың тонна көлемінде қосымша күріш жөнелтуге дайын

«Он екі өңір картоп көлемі маусымаралық сұраныстың 100%-дан, жетеуі – 50%-дан астамына келісімшартқа отырды; сәбіз бойынша – 10 өңір 100%-дан, 8-і – 50%-дан астам қор жасады; қырыққабат бойынша – 5 өңір сұранысты 100% , 9 өңір – 50%-дан жоғары қамтамасыз ету бойынша келісімшартқа отырды. Пияз бойынша 9 өңір жасыл аймақта, яғни олар сұраныстың 100%-дан астамын, 8-і – 50%-дан астамына келісімшарт жасады. Қызыл аймақта келісімшарт жасау 50%-дан аз, картоп қоры бойынша – Алматы облысында, сәбіз бойынша – Павлодар және Алматы облыстары, қырыққабат бойынша – Маңғыстау, Абай, Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, пияз бойынша – Алматы, Павлодар, Жетісу областарында», — деді Бағлан Бекбауов.

 

Добавить комментарий