Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді.
«Әуекомпанияның Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге (Домодедово) тікелей рейстері 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап аптасына бір рет сәрсенбі күндері қайта басталады. Алғашқы рейс осы сенбі күні орындалады», — деп хабарлады әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Рейстер Boeing 767 авиалайнерінде жасалады.
«Қазіргі уақытта рейсті тек Ресей мен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар пайдалана алады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мәскеуге баратын қазақстандықтарға сауалнаманы толтырып, рейстен 3 күн бұрын жасалған теріс нәтижелі ПТР-тестінің анықтамасын өздерімен бірге алу керектігін атап өтті.
«Еңбек ету мақсатында ұшатын жолаушылар екі апталық карантинге отыруы тиіс», — деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметінен.
«Мәскеуге баратын Ресей азаматтары билет сатып алғанымен, рейске тіркелуге дейін «Мемлекеттік қызметтер» порталында сауалнама толтыруы керек. Ұшып келгеннен кейін 72 сағат ішінде Ресей азаматтары ПТР-тесттен өтіп, ақпаратты «Мемлекеттік қызметтер» порталына салып қоюы керек», — делінген хабарламада.
Мәскеуден келетін барлық жолаушылар ұшып келгеннен кейін 48 сағат ішінде ПТР-тестін тапсыруы немесе 14 күндік үй карантинінен өтуі тиіс. Қазақстан Республикасына кіргенде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда оны өту талап етілмейді, деп түсіндірді баспасөз қызметі.
«Үшінші елдерге Мәскеу арқылы транзитке уақытша тыйым салынды», — деп толықтырды авиакомпанияда.
Air Astana — қазақстандық «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен британдық BAE Systems (тиісінше 51% және 49% акциялар) компаниясының бірлескен кәсіпорны.