Аида Балаева АҚШ елшісімен кездесті

Бүгін, 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Аида Балаева Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық аясында, атап айтқанда, діни қызметті реттеу саласында, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жақын және сенімді қарым-қатынастар орнатуды жалғастыратынын атап өтті.

Министр Қазақстан отандық медиа-саланы жаңғырту, қуатты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Елші министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ-ды қолдауын жоғары бағалады. Тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі жолға қою туралы ниеттерін білдірді.

Добавить комментарий