Екібастұзда бір адамның өмірін қтған жанар-жағармай құю станциясында (ЖҚС) болған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі 281-баптың 2-бөліктері («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу») және 292-баптың 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін қала әкімдігі барлық жанар-жағармай құю станциялары мен газ станцияларының қызметіне мониторинг жүргізу бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Бұл топқа кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет, сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау бойынша жауапты бөлімдердің басшылары кіреді.
Жұмыс тобы мұқият мониторинг жүргізу және барлық жанар-жағармай бекеттері мен газ желілерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге кірісті.
Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 26 шілде күні сағат 13:24-те Екібастұздағы АГҚБ-да жарылыс болып, нәтижесінде төрт газ резервуары өртенді. Қызыл жалын сол маңдағы азық-түлік дүкеніне және су мұнарасының шатырын шарпыды. Өкінішке орай, цистерналардың бірінен жас ер адамның денесі табылды. Қала билігі орын алған оқиғаның себептері мен жауапкершілігін түсіндіру үшін шаралар қабылдауда және болашақта осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға барын салады.