Африканың өңірлік бірлестіктерінің өкілдері 27-28 шілдеде «Экспофорумда» өтетін екінші Ресей-Африка саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді. Қонақтар арасында — Африка одағы комиссиясының төрағасы Чадтан келген Факи Махамат, Даму мәселелері жөніндегі үкіметаралық органның атқарушы хатшысы (IGAD) Воркнех Гебейеху және Африка одағы жанындағы Араб Магрибі одағының тұрақты өкілі Амина Сельман. Саммит Ресей мен Африка арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.
РФ Президентінің сыртқы саяси мәселелері жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков шараға «Африканың жетекші өңірлік ұйымдарының барлық басшылары» қатысатынын атап өтті.
Талқыланатың маңызды тақырып — Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен африкалық субөңірлік құрылымдар арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Дипломатия өкілдері келіссөздер Африка мемлекеттері басшыларының РФ президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесулері барысында да, сондай-ақ түрлі деңгейдегі көпжақты форматта да жүргізілетінін атап өтті.
Саммиттің ұйымдастырушысы Росконгресс қоры және шарамен қатар экономикалық және гуманитарлық форумдар өтеді. Саммиттің басты мақсаты — Ресей мен Африка құрлығы елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және дамуды ілгерілету.