Адамзат тарихында алғаш рет ХҒС-ға арналаған бөлшек принтерде басылып шығарылды

Ресейлік ғарышкерлер тарихта алғаш рет ХҒС-ға арналаған бөлшекті 3D принтерде басып шығарды.

Ғарышкер Дмитрий Петелиннің айтуынша, бұның алдыңғы бөлшектер сынама болған.

«Бақылау камерасы шлюздік камераның түйісу процесін қадағала үшін станция ішіндегі «Наука» көп мақсатты зертханалық модулінің иллюминаторына орнатылады», — деп түсіндірді ол.

3D-принтер ХҒС-ға «Прогресс МС-20» ғарыш кемесімен 2022 жылдың маусымында эксперименттер жүргізу үшін жеткізілді. Оны бірінші болып ресейлік ғарышкер Олег Артемьев сынап көрді.

Принтерді Жерден жеткізілуін күтпе-ақ, ХҒС-ға қажетті бөлшектер мен құралдарды жасау үшін пайдалану жоспарлануда.

Добавить комментарий