Абылай Мырзахметов: «Бизнеске артық жүктемені болдырмау қажет»

Тауарларды таңбалау адал кәсіпкерлер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

«Адал кәсіпкерлер үшін таңбалау тауарлардың көлеңкелі айналымын қысқарту есебінен бизнесті жүргізудің тең шарттарын қамтамасыз ете алады, сондай-ақ айналымды қадағалау үшін бизнес-процестер құра алады», — деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Бизнес мүддесі үшін мемлекеттік органдардың қолдауымен палата ЕАЭО актілері мен ұлттық заңнамаға таңбалау мәселелері бойынша негізгі нормалар мен ережелерді енгізді. Бұл әрбір мемлекет үшін өз аумағында таңбалауды енгізу күнін, пилоттық жобаларды міндетті түрде өткізуді, таңбалауға жататын тауарлар тізбесін ҰКП және бизнеспен келісуді, сондай-ақ таңбалау кодтарының құнын дербес айқындауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Абылай Мырзахметов таңбаланатын тауарлардың тізбесін айқындау кезінде бизнеске артық жүктемені болдырмайтын экономикалық негізделген орындылыққа ғана сүйену керектігін атап өтті. Сүт өнімдерін таңбалауға келетін болсақ, мұнда Ұлттық палата басшысы басымдық экспортталатын өнім екенін атап өтті. Бұл ЕАЭО нарығын сақтау үшін жасалуда.

Ішкі нарыққа келетін болсақ, бұл жерде міндетті таңбалауды енгізудің қажеті жоқ. Абылай Мырзахметовтың пікірінше, таңбалауды енгізген ЕАЭО елдерінен таңбаланбаған сүт өнімдерінің ағынынан нарықты қорғау үшін техникалық реттеу, ветеринарлық сертификаттар, электронды шот-фактуралар сияқты қолданыстағы құралдар бар.

«Қорытындылай келе бизнестің таңбалау бойынша ұсыныстарын атап өткім келеді. Айта кетейік, кәсіпкерлер үшін бұл рәсім өте шығынды, сондықтан мемлекеттің қолдау көрсетуін қаладым. Бұл жағдайда таңбалауды енгізуге жұмсалатын шығындарды азайту бойынша бизнесті қолдау құралдары мен ынталандыру шаралары қажет. Таңбалауды енгізу үшін бизнес шамамен шығындарды есептеді, фармацевтикада орта есеппен 13 млрд, аяқ киім секторында 1,6 млрд, сүт саласында 9,7 млрд теңге қажет», — деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Палатаның таңбалау мәселесіне қатысты ұсыныстары арасында бизнесті міндетті таңбалауға дайындау үшін қолайлы мерзімдер, жүйе жұмысындағы техникалық кемшіліктер мен ақаулар үшін ӘҚБтК бірыңғай операторының кәсіпкерлерімен тең жауапкершілік сияқты тармақтар да айтылды.

«Бақылау бойынша таңбалау мақсатын қамтамасыз ету үшін бөлшек сауданың барлық нүктелерін таңбалау жүйесіне қосу бойынша мәселелерді шешу қажет. Кәсіпкерлер қосылуға дайын», — деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

Добавить комментарий