Абу-Даби Плаза мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атайды

Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы Абу Даби плазаның мұнарасы келесі, 2021 жылы өз атауына ие болатынын хабарлады. Оның пікірінше, биік ғимарат Қазақстаннан және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін тартымды болады.

Деректі фильмнің үзіндісінде Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең биік ғимаратының жаңа атауы келесі жылы берілетінін хабарлады.

«Абу-Даби Плаза» туристерді тартудың жаңа орталығына және елорданың көрнекі символына айналады. Бұл ғимаратты «Қазақстан мұнарасы» деп атауды жоспарлап отырмын. Мұндай биік ғимарат бізде жоқ», — деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасында қазір әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі салынып жатқанын еске салып өтті, ол қаланың діни символына ғана емес, сонымен қатар жаңа туристтерді тартудың орталығына айналады.

«Абу-Даби Плаза» құрылысы 2010 жылы басталған. Бастапқыда оны 2016 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Түрлі себептермен бизнес және сауда орталықтарын ашу үнемі кейінге қалдырылып отырды. Бір бөлігінің ашылу рәсімі 2019 жылдың 2 желтоқсанында өтті. Нысан 1,6 миллиард долларға бағаланады. Ол Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің ауданында орналасқан.

Ағымдағы жылдың қазан айында елорда басшысы Алтай Көлгінов «Абу-Даби Плаза» кешенінің ауқымды құрылысы 2021 жылы аяқталатынына сендірді.

 

Добавить комментарий