Абайлаңыз, телефон алаяқтары! ҚР-да алаяқтардың жаңа схемасы пайда болды

Алаяқтар интернет-сайттары арқылы жалған тауарларды сатып, сосын құрбанға қоңырау шалып, өздерін Әділет министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, өтемақы төлеуге уәде береді.

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте қалалық әділет департаментінің өкілдері хабарлады.

«Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал, алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін, барлық телефондарды өшіреді. Әрі қарай, алаяқтар жәбірленушілерге өздерін Әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғаны туралы хабарлайды, жалған куәліктер береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын-ала комиссия түрінде төлем талап етеді», — деді атқару өндірісін қамтамасыз ету жөніндегі бөлім басшысы Ануар Жексеков

Брифингте атап өткендей, департамент материалдық-қаржылай өтемақы төлемейді. Осыған ұқсас фактілер 2022 жылдың желтоқсан айының басынан тіркеле бастаған. Полиция департаменттің арызы бойынша тергеу амалдарын бастады.

Осындай жағдайлар орын алған жағдайда, +77772522323 телефонына хабарласып, Алматы қаласы Әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, қызметкерлердің тізімдері Департаменттің ресми сайтында жарияланған.

Добавить комментарий