Абайлаңыз, фэйк ақпарат! Тоқаевтың жарлығымен 72 мың жәрдемақы беріледі — фэйк

Қазақстанда президенттік жарлығымен жәрдемақы төленетіні туралы жалған хабарлама таратылуда.

Хабарламада денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы қызметкерлерге және отставкадағы полицейлерге жәрдемақы төленетіні айтылған.

Хабарлама ресми сайтта немесе беделді БАҚ-та емес, белгісіз аккаунтта жарияланған.

«ҚР Президентінің ресми сайтында 72 000 теңге көлемінде бір жолғы төлем туралы жарлықтар жоқ. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ. Egov.kz электрондық үкімет порталында Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тізбесінде де денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлер 72 000 теңге алуға үміттене алатындығы туралы ақпарат жоқ», — деп ескертеді қазақстандықтарды.

Алаяқтар жоқ төлемдердің төленетіні туралы бұған дейін де мәлімдеген. Осылайша, олар азаматтардың жеке деректерін, кейде ақшаларын иемденеді.

Добавить комментарий