Абайлаңыз Дисней! Алаяқтар акцияға қатысуды ұсынуда

Дисней компаниясының ресми сайтында 2021 жылғы 1 маусымда акция өткізу туралы ешқандай хабарландыру жоқ. Балаларды қорғау күнін мерекелеу туралы аңдатпа да жоқ.

Бұл арада, қазақстандық WhatsApp пайдаланушылар арасында сауалнамадан өткені үшін Disney компаниясынан сыйлықтар алатыны туралы хабарлама таралып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтарға дәл осындай сауалнамадан өткені үшін үздік смартфондар, тіпті автокөлік берілетін туралы хабарланған болатын.

Бұл алаяқтардың айла-шарғысы. Пайдаланушы тіркелген сілтеме бойынша өтіп, қорғалмаған сайтқа түседі. Осылайша, адам сауалнама жолдарына енгізген барлық ақпаратты басқа адамдар көреді. Кибер алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның көмегімен зиянкестер жеке деректерді, төлем карталары және онлайн-әмияндар туралы ақпаратты иемденіп, жеке аккаунттарға және басқа да деректерге қол жеткізе алады.

Добавить комментарий