Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында сыйлыққа үміткерлер анықталды.
Отырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен өтті.
Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері бағыттары бойынша Мемлекеттік сыйлықтың екінші кезеңіне өткен 10 жұмысты қарады.
Конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалар қоғамда кеңінен талқыланды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Комиссия мүшелеріне талқылау қорытындысын баяндады.
Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.
Биыл Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.