Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Абай облысындағы орманда шыққан қызыл жалын ауыздықталғанын хабарлады.
«2022 жылғы 22 маусымда Бесқарағай ауданындағы орман өрті оқшауланды. Қызыл жалын 21 маусымда сағат 18:45-те Семей Орманы СФРД Грачи ауылынан 15 шақырым жерде Долон филиалының аумағында басталған. Болжамды ауданы 280 га құрады (оның 150 га орман аймағы және 130 га ауылдық округ жері). Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің алдын ала себебі — найзағайдың тікелей соғуы немесе оның қайталама әсері», — делінген хабарламада.
Қызыл жалынды сөндіруге ШҚО ТЖД-нің 37 қызметкері мен орман шаруашылығының 60 қызметкері жұмылдырылған.