ҮАААЖ-ның құрылысы аяқталуға жақын


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-39390-1664358313-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮААЖ) құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыстар 85 пайызға дайын.

Бұл туралы аталған жобаны жүзеге асыратын «ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» компаниясы хабарлады.

Құрылысшылардың айтуынша, ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырым болса, оның 50 шақырымына соңғы асфальт төселген. Оның астында тағы екі жол төсемі бар, олар кеуекті және тығыз асфальтбетоннан тұрады.

«Бүгінде асфальт-бетон қабаттарын төсеу жұмыстары мынадай ретпен орындалды:

кеуекті асфальтбетон қабаты — 64,27 километр;
тығыз асфальтбетон қабаты — 64,19 километр;
модификацияланған полимерлі битуммен қиыршықтас-мастика асфальттан жасалған қабаты — 50,26 километр.

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыстар аяқталды. Олар тасжолдың барлық ұзындығы бойынша іс жүзінде барлық жерде аяқталды.

«Ерекшелік тек 45 шақырымнан 47 шақырымға дейінгі учаске. Сондай-ақ, үш жолайрықтың шығаберісіне әзірге асфальт төселген жоқ:

ҮАААЖ Алматы — Бішкек тасжолы қиылысында;
ҮАААЖ Алматы — Шамалған тасжолы қиылысында;
ҮАААЖ Комсомол — Жапек батыр тасжолы қиылысында».

ҮАААЖ салынатын 40 жолайырық пен көпірге келетін болсақ, олардың барлығы дерлік салынды.

«39 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 36 учаскеде асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жеті жолайрықтың барлығында жол өткелдерінің құрылысы аяқталды. Үш жолайрықта өтпелер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған төрт өтпенің құрылысы аяқталды, онда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырықтар бойынша жұмыстарды орындау 90 пайызды құрайды.

Жалпы алғанда, ҮАААЖ жобасының өзі бүгінгі таңда 85 пайызға дайын», — деп атап өтті компаниядағылар.

Еске салайық, ҮААЖ Қаскелең іргесіндегі Қырғауылды ауылынан басталып, Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында аяқталады. Маршрут Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді. Магистраль Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буынына айналуы тиіс.

Алматы төңірегіндегі ҮААЖ құрылысы қандай сатыда тұр

Жүрдек автомагистраль негізінен алты жолақты, ал кей жерлерде төрт жолақты болады (жолдың алғашқы бес және соңғы тоғыз километрі). Сондықтан 66 шақырым қашықтықты рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық кезінде сағатына 110-140 шақырымды жарты сағатта ғана өтуге болады.

Добавить комментарий