Сот AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаевты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі жаза тағайындалды», — деп хабарлады сот өкілі.
AlanParking басшысы қандай күдікке ілінгені хабарланбады.
2021 жылғы желтоқсанында «RR2» ЖШС (Қайрат Боранбаевқи тиесілі) бұған дейін мемлекетке тиесілі болған ақылы автотұрақтардың операторы «AlanParking» ЖШС үлесінің 30%-ын сатып алған.