Ағылшын әскери кемесі Қара теңіз акваториясына кірді

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі 16 мамырда «Трент» ағылшын әскери кемесі Қара теңізге кіргенін хабарлады. Ресейдің Қара теңіз әскери-флоты британдық патрульдік кеменің қозғалысы мен іс-қимылын қадағалауда.

«Қара теңіз әскери-флоты мен құралдары Ұлыбритания ӘТК «Трент» патрульдік кемесінің іс-қимылын қадағалауда», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ресей СІМ Қара теңіз акваториясында аймақтан тыс державалардың кемелері болуы бейбітшілікке нұқсан келтіретінін бірнеше рет айтқан.

Монтрё Конвенциясына сәйкес Қара теңіз мемлекеттеріне жатпайтын елдердің әскери кемелері Қара теңіз акваториясында 21 тәуліктен астам мерзімде болуына тыйым салады.

Добавить комментарий