Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария жүйесін реформаламақ.
Әкімдіктер жанындағы ветеринарлық мамандарға тән емес — ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру қызметтерін көрсету, сондай-ақ қаңғыбас иттерді аулау және жою функцияларын алып тастау жоспарлануда, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
2021 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы ветеринария жүйесін реформалауды тапсырды. АШМ талдау жүргізіп, жаңа стратегия әзірледі.
Министрлік әкімдік жанындағы ветеринарлар функцияларының бір бөлігін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне беруді ұсынады:
орталыққа эпизоотиялық ошақтарды зерттеп-қарауды жүргізу;
эпизоотологиялық зерттеу актісін беру;
аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
карантинді және шектеу іс-шараларын белгілеу және/немесе алып тастау туралы шешім қабылдау;
өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын лицензиялау;
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау.
Аулау функциясын бәсекелестік ортаға беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, ведомствода реформалау бойынша жол картасы бекітілді:
ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін анықтау;
ветеринария саласындағы цифрландыру және автоматтандыру; ветеринария саласында кадрлар даярлау;
жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру;
ветеринариялық қызметтер деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату;
заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіру.
Жоғарыда аталған барлық реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.