Ақтауда былтыр «Green Park» тұрғын үй кешенінің маңында отырғызылған көшеттер жоғалып кетті. Тұрғындардың айтуынша, көшеттер құрап кеткен.
Бірнеше көшет қана бой түзеп тұр, ол да құрғақшылыққа байланысты құрап барады.
«Былтыр, шамамен осы уақытта әкімдік «Грин парк» алдына көшет отырғызған, бұған көбісі наразы болды. Әкімдікте егер көшеттер қурап кетсе, оларды жеткізуші тегін басқасын отырғызады деп ағынан жарылды. Міне, отырғызған көшеттерінің бәрі қурап кетті, ал оның орнына басқа көшеттерді отырғызамыз деген уәдесі сол күйі қалды. Іс жүзінде осы көшеттер жоғары лауазымды шенеунік келгеніне байланысты отырғызылды, ешқандай да отырғызу технологиясы қолданылмағаны анық», — деп шағымданды Ақтау тұрғындары.
Есесіне сол жерге құбыр жүргізді.
Қалалық әкімдік хабарлағандай, көшеттер белгіленген жоспар бойынша отырғызылады.