Ақтауда төртем дүниеге келді

Ақтауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді. Олардың анасы, жиырма бес жасар Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова жүктіліктің 30-шы аптасында ота жасалды.

Жүктілік ауыр болғандықтан, дәрігерлер 30-шы аптада Самираға ота жасау туралы шешім қабылдады және 15 қаңтарда жас ананың ұлы мен үш қызы дүниеге келді. Оларды Расул, Фанара, Айла және Нарин деп атады.

«Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-аналарымыз біз үшін бақытты. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғыс айтқым келеді», — дейді Самира Гасанова.

Ол бірінші рет баланы дүниеге әкеліп отыр. Туған кездегі ең үлкенінің салмағы — 1 390 грамм, ал ең кішісінің салмағы — 1 190 грамм болды. 36 күн бойы балалар перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болды. Жаңа туған нәрестелер мен олардың анасы өздерін жақсы сезінеді, 20 қаңтарда олар Ақтау ана мен бала орталығынан шығарылды.

«Өткен жылы біздің орталықта екі үшем мен 147 егіз бала дүниеге келді. 2020 жылы барлығы 8 610 бала дүниеге келген», — деді дәрігер-неонатолог Тойдық Жұмағамбетова.

Добавить комментарий