Ақтауда үстіне жиһаз құлаған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары ер адамға күрделі ота жасады.

Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы.

Ер адамның жағдайы — тұрақты және ауыр.

«Омыртқа толығымен имплантпен ауыстырылды. Омыртқаның қысатын сүйек құрылымдары алынып, жұлын босады. Операциядан кейін науқастың жағдай тұрақты және ауыр. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, — деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.

Жақын арада, дәрігерлердің мәліметінше, пациентті бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қаңтарда көпқабатты үйден лақтырған жиһаз ер адамның үстіне түскен болатын. Нәтижесінде ер адам толығымен сал болып қалған. Полиция Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша іс қозғады.

Добавить комментарий