Ақтауда өрт кесірінен баспанасынан айырылған отбасыны 7 жыл бойы тұрғын үй кезегіне қоймаған

Ақтауда әкімдік өрт кесірінен баспанасынан айырылған отбасыны 7 жыл бойы тұрғын үй кезегіне қоймаған.

«Сот отырысында, шындығында талап қоюшы 2010 жылы жалғыз баспанасынан өрттің кесіренен айрылып қалған. Ең аяныштысы сол, өрт кезінде 14 жасар қызы түтінге уланып, қайтыс болған. Қазіргі кезде, барар баспанасы жоқ, екі баласымен бірге қандастарға арналған оңалту орталығында тұрып жатыр. Ал орталық тұрып жатқан жерін босатуды талап етуде. Екі баласы да аналарының асырауында. Әкімдік үй кезегіне қоюдан бас тартып, жанұяның орташа айлық табысы, ең төменгі күн көріс деңгейінен үш есе артық деп уәждеген», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Судья іс материалдарын толықтай зерттеп, тараптарды тыңдай келе, іс бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтып, тараптарды татуласуға шақырды.

Нәтижесінде, олардың арасында татуласу келісімі жасақталып, сот оны 8 ақпанда бекітті. Келісім шарттары бойынша әкімдік талап қоюшыны 15 күн ішінде үй кезегіне қоюға міндеттенді, — деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий