Ақтауда пышақ жарақатын алған адам жансақтау бөлімінде жатыр

Кеуде қуысында пышақ жарақатын алған жас жігіт ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда 2021 жылғы қазанынның 30-нан 31-іне қараған түні кеуде қуысында пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген жас жігітке ота жасалды.

«Сағат 03:30 шамасында көпқабатты ғимараттың кіреберісінде жастар арасында төбелес шыққан. Төбелес кезінде жігіттердің бірі қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Кейінірек полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне барды. Жәбірленушіні ауруханаға жеткізілді», — делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.

«Дәрігерлердің айтуынша, 1991 жылы туған жас жігіт жарақат алған, оның кеуде тұсына пышақ сұғылған. Ол алкогольді мас күйде болған. Сағат 04:20-де зардап шегушіге ота жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Ол ӨЖЖ аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Науқас кардиоорталыққа ауыстырылды. Оның иық артериясына зақым келгені анықталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий