Ақтауда полиция қызметкері қаза тапты

2022 жылдың 3 тамызына қараған түні Ақтауда полиция қызметкері пышақ жарақатын алып, салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Полиция департаменті аталған фактіні растады. Ведомстводан хабарлағандай, сағат 03:50-де кезекші бөлімшеге жедел жәрдем 17-ші шағын аудандағы үйдің ауласынан мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілгені туралы ақпарат түскен. Ол есін жинамай, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Марқұм полиция қызметкері, еңбек демалысында болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған факті Ақтау полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий