Ақтауда ломбардтың тоналуы: сот үкімі шығарылды

Ақтауда ломбард тонады деп айыпталған ер адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

1 наурызда таңертең сотталушы кассир қызбен сөйлесіп, ломбардтың ашылу және жабылу уақытын, сондай-ақ жұмысының басқа да ерекшеліктерін біліп алған.

Қылмыскер дабыл құрылғысын өшіріп, сыртқы есікті ашқан. Содан кейін ол қызметтік бөлмеге кіріп, кассирді аяғынан шалып, құлатқан. Ол жәбірленушіні қорқытып қоймадағы сейфті ашқызды.

Қаскүнем ломбардтан жалпы құны 5 336 800 теңге болатын 109 зергерлік бұйымдарды және 1 229 002 теңге қолма-қол ақшаны алып шықты. Ломбардқа аса ірі мөлшерде, яғни 6 565 802 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілді.

Сот үкімімен ер адамды кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Добавить комментарий