Ақтауда ДДА ұстанушылары ұсталды

Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне деструктивті діни ағымды ұстанушылары ақша бопсалағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

«Осы жылдың 13 қыркүйегінде сағат 23:30 шамасында алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жәбірленушіні Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде орналасқан жалдамалы пәтерге алдау жолымен әкелген. Олар тапаншамен қорқытып, өзінің барлық іс-әрекетін ұялы телефон камерасына түсірген», — деді полицейлер.

Бұл дерек Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі және 126-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

​Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Маңғыстау облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Маңғыстау облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында бір мезгілде күдікті деструктивті діни ағымның төрт жақтаушысын анықтап, ұстады. Оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді. Барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді.​ Төрт адамнан тұратын топтағы адамдардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен барлығы қамауға алынды.

Добавить комментарий