Ақтауда 8 наурызда әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Ақтау қаласы әкімі Халықаралық Әйелдер күні қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейтінін хабарлады. Нәзік жандылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады.

Әйелдер осы атаулы күні қоғамдық көліктің тұрақты кестесіне сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін тегін жүре алады. Бұл Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып отыр.

Добавить комментарий