Ақтау: Жаңа салынған ғимарат өртке оранды

Ақтау қаласының әкімдігі хабарлағандай, бүгін құрылысы бітпеген тоғыз қабатты үйлердің бірі өртеніп кетті. Қызыл жалын ғимараттың бір бөлігіне шарпыды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тілсіз жау 38 ықшам ауданындағы «7 қазына» тұрғын үй кешенін шарпыған.

Құтқарушылардың мәліметінше, ғимараттың қасбеті жанып кеткен.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын ауыздықталды», — делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге 15 өрт сөндіруші және алты арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

 

Добавить комментарий