«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Праймеризге қатысушылармен кездесу өткізіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
Сапар барысында ол облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралап көрді, оның құрылысы 2008 жылдан бері созылып, былтыр шілде айындағы сапарынан соң партиялық бақылауға алынған болатын.
Заманауи диагностикалық кешенді пайдалануға беру емдеу тиімділігін және қатерлі ісіктерді бастапқы сатысында анықтауды арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, жақын арада қажетті жабдықтарды жеткізу аяқталады. Ұжыммен әңгімелесіп, олардың жауапты жұмыстарына табыс тіледім, — деп жазды Байбек өзінің Facebook парақшасында.
Сол күні ол ішкі партиялық праймериздердің қатысушыларымен, сондай-ақ өңірдің жұртшылығымен және үкіметтік емес ұйымдарымен кездесті.
Партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқыладық, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді, — деп жазды ол.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығына озық технологияларды ендіру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, «ҚазАзот» кәсіпорнына бардым. Бұл – қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауытты жобалық қуаттылығын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқышқа дейін ұлғайта отырып модернизациялау жоспарлануда.